Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік емші клиенттерінен айырылып жатқанына ашынды

Опубликовано:

Ақтөбеде «Төрт ағайынды» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот тергеуі жалғасып жатыр. Рейдерлік жолмен біреудің кәсібін иеленді деп айыпталған Жандос Ақмағанбетов өзінің ел алдында абыройлы емші екенін айтып ақталды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жандос Ақмағанбетов
Жандос Ақмағанбетов деп ашынды: UGC
"Тілшілер мені қарап түсірсе екен, оған мен қарсы емеспін. Себебі, мұнай ұрлаған деп көрсетілген қылмыстық топтың қатарына менің фамилиям жүр. Тырнақтап жиған абыройымды төгіп жатыр. Мен адам емдейтінім бар еді. Емге де адам келмей қалды, тума-туыс әңгімелеп жатыр. Бір жылдан бері есімді тандырды. Маған рейдерлікпен деген айып тағылып тұр. Біздерді ұйымдасқан қылмысқа қосып тұрған жоқ. Бір түйір эпизодпен іліп тұр. Бірақ БАҚ бетінде мұнай ұрлағандардың аты-жөні белгілі болды деп мені де сол қатарға қосып қойған. Соны барлық ел көріп, өсек кетіп қалды", - деді айыпталушы Жандос Ақмағамбетов.

Жандос Ақмағанбетов бостандықта жүрген айыпталушылардың бірі. Ол сотқа үйінен қатынайды.

Оған рейдерлік жолмен біреудің мүлкін иеленген деген айып тағылды. Өзінің қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтқан ол енді сот арқылы кінәсіздігін дәлелдемек.

"Емнің түрі бар, қан алу және психологиялық соққы алған адамдарды оқып қайтарамын. Құран оқимын. Бұл кәсіппен мен іздеп жүріп айналыспаймын. Бірақ үстінен түссем, көмектесіп жүрмін. Бұдан басқа да шаруашылықтарым жетеді. Кәдімгі «2020» мемлекеттік бағдарламасымен кәсіпкер болып жұмыс істеп жүрген адаммын. Бұл жерде менің абыройым жоғары болып тұр. Ақ матаның үсіне түскен бір түйір қара көрінеді. Төрт баланың әкесімін, 70 жасқа келген шешешем бар", - дейді Жандос Ақмағамбетов.

Қазіргі уақытта сотта мұнай қалдықтарын өңдеумен айналысқан «Таза далаком» полигонына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Материал ҚР заңнамасымен қорғалған, көшіріп басуға тыйым салынады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710733-aktbelik-emsi-klientterinen-ajyrylyp-zatkanyna-asyndy/