Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақтың есігі қатып қалған: Астанада 89 адам демалысқа кете алмай отыр

Опубликовано:

Астанада қатты суықтың әсерінен ұшақтың есігі қатып қалған. Нәтижесінде Астана-Шарджа рейсі кейінге қалды деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Air Arabia әуекомпаниясының ұшағы Шарджға техникалық себептермен ұша алмады. Компания өкілі Гүлмира Ахметованың ұшаққа кіретін есік қатып қалғанын жеткізді.

"Біз оны жылыта алмадық. Рейс 10 сағатқа кейінге шегерілді. Жолаушылар отельге орналастырылады",- деді Гүлмира Ахметова.

Айта кетейік, сенбіде Астанада таңертең ауаның суықтығы - 26 градус болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710984-sakty-esigi-katyp-kalgan-astanada-89-adam-demalyska-kete-almaj-otyr/

pixel