Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мешіттің алдындағы орынға таласқан қайыршы әйелдер төбелесіп қалған

Опубликовано:

Шымкентте қайыршылар мешіттің алдында орын үшін таласып шу шығарды. Жұртқа қол жайып жүретіндер қаланың орталығын нағыз табыс көзіне айналдырған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Шымкентте Ордабасы алаңындағы мешіттің алдыннан қайыршылар үзілмейді. Мұнда қол жайып жүретіндердің басым бөлігі - хиджаб киетін әйелдер. Бала-шағасымен қайыр тілейтін азаматшалар мешіттің алдындағы орындары үшін жаға жыртысуға дейін барады.

Тіпті, полицейлер Алла үйінің алдында орын үшін бірін-бірін соққыға жыққан орамалды әйелдерді уақытша қамап қойған.

Бірақ, қайыр сұраушылар өздерінің орны үшін басқа жақтан келген келімсектерді ұрып тастаудан еш қорықпайды.

Қайыршы азаматшалар тіпті асхана ішінде де жанжалдасады екен. Сондықтан, мешіттің маңындағы дәмхана иелерінің бірі қол жайып жүретіндерді өздерінің мекемелеріне кіргізбей қойған. Асхана басшыларының бұл әрекетіне қайыршы әйелдер ашулы.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1711017-symkentte-mesitti-aldyndagy-orynga-talaskan-kajyrsy-jelder-tbelesip-kalgan/

pixel