Назарбаев қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды
Опубликовано:
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар қосымша мемлекеттік жәрдемақы алады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында айтылды, деп хабарлайды NUR.KZ.

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады. 2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады", — деді елбасы жолдауында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711409-nazarbaev-kosymsa-memlekettik-zrdemakyny-engizudi-tapsyrdy/