Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнгі клубтағы қыздарға төсін ұстатқан Байзақова тағы да елді шулатты (видео)

Опубликовано:

Қыздарды 50 мың теңгеге шешіндірген атышулы блогер Айжан Байзақованың жаңа бейәдеп әрекеті жұрттың жағасын ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Түзеу мекемесінде үш тәулік түнеп «әбден ойландым» деген бойжеткен бостандықта жүріп, баяғы қылығына қайта басқан сыңайлы.

Айжан Байзақованың түңгі клубтағы бейәдеп әрекеті. Фото: Видеодан үзінді.
Айжан Байзақованың түңгі клубтағы бейәдеп әрекеті. Фото: Видеодан үзінді.: UGC

Бұл жолы ол қыздарға төсін ашық сипатып, әуретті жеріне қол жүгіртуіне рұқсат беріп, түнгі клубтағы кештің көрігін қыздырғаны видеоға түсіп қалған.

Бейне жазбаны көрген желі қолданушылары «Байзақоваға сабақ болмапты», «Бұл қыздың дені сау ма?»деген секілді жағымсыз пікірлер жазуда.

Жартылай эротикалық би кеші баяғы «Закова» барында өтіп жатқанынын жарнамасына қарап білуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда ғана Алматыдағы «Закова» барында қос қызды 50 мың теңге үшін шешіндіріп, аузына келген былатып сөзді айтқанына бола Айжан Байзақова үш тәулікке қамауға алынған еді. Осындай ерсі кеш ұйымдастырған түңгі клуб әкімшілігі айыппұл арқалап, тіпті, бар басшылығы елден кешірім сұрап, «ендігәрі мұндай тәртіпсіз конкурс ұйымдастырмаймыз» деп уәде берген еді. Кейін Байзақованың өзі "Закова" бары жабылады деп те мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712078-tngi-klubtagy-kyzdarga-tsin-statkan-bajzakova-tagy-da-eldi-sulatty-video/

pixel