Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерсі әрекетінен соң Байзақованы жігіттер көшеде шашынан сүйреген (фото)

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова түнгі клубта қыздарды 50 мың теңгеге шешіндірген соң қалай таяқ жегенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ. Блогер бойжеткен Ілияс Жапақовқа берген сұхбатында өзін соққыға жыққандар туралы мәлімдеді.

Ерсі әрекетінен соң Байзақованы жігіттер көшеде шашынан сүйреген
Ерсі әрекетінен соң Байзақованы жігіттер көшеде шашынан сүйреген: UGC
«Таяқ жегенім жайлы айтқым да, есіме де алғым келмейді. Оқиға түнгі клубтағы жалаңаш қыздардың видеосы ғаламторда тарағаннан кейін болды. Бұл бірінші рет емес. Өшіккендер миллион рет қоқан-лоқы жасап, мені көшенің кез келген бұрышында боқтайтын.
Сондайлардың бірнешеуі үйімнің жанынан күтіп алып, «сен қазақтарды масқаралап жүрсің» деп балағаттап, шашымнан сүйреді. Қатты жарақат алған жоқпын. Қолыммен жер тіреген кезде терісі сыпырылып, қан шығып кетті. Бұл күнді мен есіме алмауға тырысамын, қорыққанымнан емес, моральдық тұрғыда өзіме ұнамайды.
Қазір елдің бәрі менің қайда жұмыс жасап, тұратын үйімнің мекен-жайына дейін біліп алған. Бұл төбелес бірінші рет болып тұрған жоқ. Олар тіпті бірнеше жігіт болды», - деді Байзақова.
Айжан Байзақова. Фото: Ғаламтордан.
Айжан Байзақова. Фото: Ғаламтордан.: UGC

Жігіттерден таяқ жеп, қоғамнан сөз естіп, изоляторға қамалып жатса да, Айжан Байзақова Қазақстанды, оның ішінде жергілікті жігіттерді өте жақсы көретінін айтты.

«Біздің жігіттер әлемдегі еркек атаулының ең жақсыларының бірі деп айта аламын. Маған қол көтергендерді олардың қатарына жатқызбаймын, мен үшін олар «төмен» адамдар. Бізде үлкендерді сыйлау құрметі ерекше ғой. Ал кейде қоғамдағы оқиғаларға қарап, елден безіп кеткім келетіні де бар», - деп ағынан жарылды ол.

Естеріңізге сала кетсек, ғаламтор жұлдызы Айжан Байзақованың «Закова бар» клубында қыздар арасында 50 мың теңгеге шешіну ойынын ұйымдастырғаны халықтың ашуына тиген болатын.

Артынша атышулы блогер үш күнге қамауға алынып, Instagram-дағы парақшасын өшірді. Кейін туған сіңлісі Жібек Айжанның соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712335-ersi-reketinen-so-bajzakovany-zigitter-ksede-sasynan-sjregen-foto/

pixel