Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Курс бағамының өзгерісінен соң қазақстандықтар белсенді түрде тұрмыстық техника сатып алған

Опубликовано:

Тұрмыстық техника мен электроника өндірісі жолға қойылмаған Қазақстан үшін тауарлардың бұл категориясы тұрғындардың төлем жасау қабілетін, нарықтың дамуын, өсуін немесе төмендеуін, тенденцияларды анықтайтын лакмус қағазы секілді.

Курс бағамының өзгерісінен соң қазақстандықтар белсенді түрде тұрмыстық техника сатып алған

2016 жылғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, 2015 жылы девальвация болғанына қарамастан тұрмыстық техника мен электроника нарығында өсу байқалған. GfK Temax мәліметі бойынша, 2015 жылы девальвацияда 21,7 пайызға төмендеген нарық 2016 жылдың орта тұсында 11,3 пайызға өскен.

2016 жылы ірі тұрмыстық техника секторы 16,8 пайызға өсті. Ал 2017 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша Қазақстандағы тұрмыстық техника мен электроника нарығы 2016 жылдың баламалы маусымымен салыстырғанда 35 пайызға көбейген. Сонымен қатар, ірі тұрмыстық техниканың өсімі 26,3 пайызды көрсетті.

Айтпақшы, нарық қатысушыларының айтуынша, орнатылған техника сегменті бәрінен де жылдам дамыған.

Қазақстандықтардың аталған категорияға деген қызығушылығының неліктен артқанын тұрмыстық техника мен электроника тауарларына арналған Sulpak дүкендер желісінде түсіндірді.

Үйде орнатылған техника – сән ғана емес, уақыттың да қалауымен келген құбылыс. Бұл жерде үш «Э» қағидасы қолданылады: эстетика, эргономикалы және эффект.

Курс бағамының өзгерісінен соң қазақстандықтар белсенді түрде тұрмыстық техника сатып алған

Біріншіден, орнатылған техника барлық техникалық және стилистикалық сипаттама бойынша жекелей орнатылған дүниелерден әлдеқайда жоғары. Олар үй жиһаздарына зиян, ас үй ансамблінің сыртқы келбетіне нұқсан келтірмей орнатылады.

Бұл техниканы жақсылап бекітуге және қауіпсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, орнатылған кір жууға арналған машина жұмыс кезінде гарнитураны жылжытып жібермейді, өйткені, жұмыс режимінде вибрация ойнамайды.

Екіншіден, орнатылған техника орынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сіз үйіңіздегі кеңістікті реттеуге мүмкіндік аласыз. Яғни, көп орын алатын автономды газ плита мен тоңазытқыштың орналасуына қарай бейімделмейсіз. Айта кету керек, аталған тұрмыстық техниканы өз фантазияңызға қарай, әртүрлі әдіспен орнатсаңыз болады. Бір-бірімен сәйкес келмейтін заттардың өзі сенімді түрде оқшауланады.

Курс бағамының өзгерісінен соң қазақстандықтар белсенді түрде тұрмыстық техника сатып алған

Үшіншіден, техниканың мұндай түрін асүйге орнату арқылы сіз тоңазытқышты жуу, жоғарғы жағын тазарту, техника мен шкаф арасындағы шаң-тозаңды тазарту сынды проблемалардан құтқарады. Техниканы шкафтың есіктері арасындағы кеңістікке орнату арқылы кухнядағы уақытыңызды үнемдеуге жақсы мүмкіндік аласыз. Өйткені, тамақ пісіру процесі аяқталған соң үй жинауға уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.

Осылайша, сіз өзіңіз үшін жұмыс істейтін элегантты, эффектілі, эрогонмикалы кеңістікке ие боласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712989-kurs-bagamyny-zgerisinen-so-kazakstandyktar-belsendi-trde-trmystyk-tehnika-satyp-algan/