Қыстың қақаған суығында Шымкентте бәйшешек гүлдеп жатыр
Опубликовано:
Шымкентте көктемнің алғашқы гүлі саналатын бәйшешек гүлдеп жатыр. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің барлық аймағында қатты аяз сезіліп, ауа температурасы -40 градусқа жетті. Алайда, Шымкенттегі ауа райы мүлдем өзгеше.
Мұндағы термометр бағаны +10, +13 градусты көрсетуде.
Қазгидромет синоптиктерінің айтуынша, жақын күндері оңтүстіктегі ауа райы да күрт суытпақ. Мұнда -18,-20 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713307-kysty-kakagan-suygynda-symkentte-bjsesek-gldep-zatyr/