Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беделді қызметке орналасқан шенеуніктердің балалары туралы не білеміз?

Опубликовано:

Бүгінде жоғарғы қызметте отырған жап-жас басшылар жетерлік. Солардың арасында әке жолын қуған, атасынан асып туған Қазақстан азаматтары да бар. NUR.KZ порталы бүгінде билік тізгінін ұстаған танымал тұлғалардың балалары туралы мәліметтерді назарға ұсынады.

1. Жеңіс Қасымбек (1975 жылғы) - президенті кеңсесінің басшысы (90-жылдары) болған Махмұд Қасымбековтың ұлы. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының, Еуразия университетінің түлегі. Бүгінде ол - Инвестициялар және даму министрі.

Жеңіс Қасымбек. Фото желіден алынды
Жеңіс Қасымбек. Фото желіден алынды: UGC

2. Нұралы Әлиев (1985 жылғы) - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің тұңғыш ұлы. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Австриядағы Имадек университетін тәмамдаған. Біраз жылдар “Нұрбанк” АҚ директорлар кеңесінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары ретінде қызмет атқарды. Ал қазір ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқаруда.

Нұралы Әлиев. Фото желіден алынды
Нұралы Әлиев. Фото желіден алынды: UGC

3. Мүслім Алтынбаев (1966 жылғы) - экс-сенатор және бұрынғы Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың ұлы. Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясының түлегі. Бүгінде қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде.

Мүслім Алтынбаев. Фото желіден алынды
Мүслім Алтынбаев. Фото желіден алынды: UGC

4. Асқар Тұрысбеков (1975 жылғы) - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың ұлы, "Нұр Отан" партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың бажасы. Ол - «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС вице-президенті қызметін атқаруда.

Асқар Тұрысбеков. Фото желіден алынды
Асқар Тұрысбеков. Фото желіден алынды: UGC

5. Әділбек Баталов (1982 жылғы) - Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ұлы. Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің және Nottingham University Business School, Мәскеудегі Сколково бизнес-мектебінің түлегі. Қазірге қызметі - "КазТрансГаз Аймақ" АҚ бас директорының орынбасары.

Әділбек Баталов. Фото желіден алынды
Әділбек Баталов. Фото желіден алынды: UGC

6. Максим Божко (1981 жылғы) - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божконың ұлы. Еуразия ұлттық университетінің, Вашингтон университетінің түлегі. Максим қазір "Ақмола Феникс" АҚ-ның бас директоры, Ақмола облыстық маслихатының депутаты.

Максим Божко. Фото желіден алынды
Максим Божко. Фото желіден алынды: UGC

7. Арман Оразалиев (1975 жылғы) - полиция генерал-майоры Молдияр Оразалиевтің ұлы. Қазір ол ҚР ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарады.

Арман Оразалиев. Фото желіден алынды
Арман Оразалиев. Фото желіден алынды: UGC

8. Сержан Әбдікәрімов (1976 жылғы) - экс-сенатор Оралбай Әбдікәрімовтың ұлы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген, халықаралық қатынастар маманы. Бүгінде ол Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі қызметінде еңбектеніп жүр.

Сержан Әбдікәрімов. Фото желіден алынды
Сержан Әбдікәрімов. Фото желіден алынды: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713332-bedeldi-kyzmetke-ornalaskan-seneunikterdi-balalary-turaly-ne-bilemiz/

pixel