Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Дүтбаевқа екінші үкім шықты

Опубликовано:

ҰҚК-нің сотталған бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевқа тағы бір үкім шықты, деп хабарлайды NUR.KZ.

ҰҚК экс-басшысы Дүтбаевақа қатысты екінші рет сот шешімі шықты
ҰҚК экс-басшысы Дүтбаевақа қатысты екінші рет сот шешімі шықты: UGC

Сот отырысында іс материалдарында мемлекеттік құпия саналатын мәліметтердің бар болуына байланысты Ақмола облысының әскери сотында жабық режимде өтті.

Экс-басшы Дүтбаевқа билікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру сынды бірнеше бап бойынша айыптар тағылды.

Тағылған айыптардың ауырлығына байланысты сот бұрынғы ҰҚК-нің басшысын 12 жылға бас бостандығынан айырып, оған өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

Сондай-ақ оның бұрынғы сыбайластарына да қайта үкім шығарылған

Сотта Қалқабаев О.Ш. мен Дүтбаев Р.Н. Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-тармағы және 218-бабының 3-тармағы (1997 ж.) бойынша айыпты деп танылғаны хабарланды.

Қылмыстық істерді ішінара біріктіру арқылы сот Дүтбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714580-kk-ni-bryngy-bassysy-dtbaevka-ekinsi-kim-sykty/

pixel