Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дмитрий Медведев "Шымбұлақтағы" суреттерін елге көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ресей Федерациясының үкімет басшысы Дмитрий Медведев Instagram желісіндегі парақшасына Шымбұлақта жүрген суретін салды. Шымбұлақ шатқалынан түсірілген табиғаттың суреті оның оқырмандарын бей-жай қалдырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Еске салсақ, Ресей Федерациясы министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев Алматыда 2 ақпан күні өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысқан болатын. Отырысқа ТМД елдерінің премьер-министрлері қатысқан болатын.

Айта кету керек, қалалық ТЖД 3-4 ақпан аралығында "Шымбұлақ" тау-шаңғы шипажайы "арнайы оқу-жаттығу шараларының өтуіне" байланысты жабылғанын хабарлаған болатын.

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, "Шымбұлақ" шипажайының Instagram парақшасындағы ресми аккаунты оқу-жаттығу шаралары аяқталып, шипажай қалыпты жұмыс режиміне көшкені туралы ақпарат таратты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715061-dmitrij-medvedev-symblaktagy-suretterin-elge-krsetti-foto/

pixel