RU

Алматылық жігіт қыз боп киініп сұлулық байқауына не үшін қатысқанын түсіндірді

22 жастағы Илай Дягилев республикалық сұлулар байқауында финалға өтіп, күллі елді шалқасынан түсірген еді. Сайысқа Арина Әлиеваны боп қатысқан жігіт елді шулатқан әрекетін түсіндіріп берді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Илай Дягилев. Скриншот КТК арнасы
Илай Дягилев. Скриншот КТК арнасы: UGC

Қазақстан аруы атана жаздаған Илай Дягилев бетін әрлеп, жасанды шаш киіп байқауға әдейі қатысыпты. Ал оған түркі болған қыздардың өздері екен. Бойжеткендердің өз сұлулығын ысырып қойып, бетіне бес қабат бояу жағып жүруі жігіттің әбден жанына батыпты.

"Қазіргі біздің қыздар дүкенге шығарда бояна бастайды. Олар ешқайда бояусыз шықпайды. Біз олардың өмірде қандай екенін ұмыта бастаймыз. Менің пікірімше, табиғи әдемілілігін көрсету керек", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Илай Дягилев.

Осылайша, табиғи әдемілілікті аңсаған жігіт "Miss Virtual Kazakhstan" байқауынан бір-ақ шыққан. Ал сайысқа ол Шымкент қаласының қызы Арина Әлиева боп қатысқан. «Жерлестері» үш мың қыздың ішінен таңдап, оған дауыс беріпті.

Сайыстың өзі әлеуметтік желіде өткендіктен, оның болмысын ешкім байқамаған. Керісінше, жігіттер шетінен құлай ғашық боп, "маған тұрмысқа шық" деген 400-ден астам хат жолдаған екен.

"Көп адамдар оған жазды "мен сені сүйемін", "о, сен богинясың" деп. Әрине, ол өте өкінішті, осы біздің еліміз осындай қыздарды таңдағаны үшін", - дейді Илай Дягилев.

Шымкент аруы атанған Илай финалға жолдама алған. Оның «өтірігі» осы кезде ашылып қалды. Өйткені, ұйымдастырушылар құжатын сұратқан. Байқауларының сұлулық емес, боянғандардың бәйгесі боп шыққанын білген бойда жігітті шығарып жіберіп, титулды басқа қызға бере салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715296-almatylyk-zigit-kyz-bop-kiinip-slulyk-bajkauyna-ne-sin-katyskanyn-tsindirdi/