RU

Қарағандыда 13 жасар оқушы қыз асылып өлді

Қарағандыдағы өздігінен асылып өлген оқушы қыздың өлімі ата-аналарды алаңдатып отыр деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото интернет желіден алынды.
Фото интернет желіден алынды.: UGC

Қыздың өлі денесі өз үйінен табылған.

«Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қарағанды қаласының № 23 мектебінің оқушысы өз үйінде асылып өлді», – дейді қыздың достары.

Олардың пікірінше, оқушы қыз интернет желісіндегі «жаңа өлім» ойының салдарынан осындай жағдайға душар болған.

Айта кету керек, қыз өз-өзіне қол жұмсағанда ата-анасы үйде болған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқушыны өлімге итермелеген жағдай мен оның себептерін анықтауда. Қызды бұл ойынға өзімен бір мектепте оқитын оқушы бала тартқан көрінеді. Осы оқиғаға байланысты жоғары сынып оқушылар ұсталып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге бұл ойынға қанша оқушының қосылғаны белгісіз.

Мектеп директоры аталған жағдайға байланысты әзірге түсініктеме бере алмайтынын айтады.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі де аймақтың прокуратурасына сілтеме жасай отырып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Сонымен қатар, мектеп оқушысымен болған қайғылы оқиға интернетте белсенді талқылануда. Атап айтқанда, «WhatsApp» желісі арқылы 23-ші мектеп оқушыларының ата-аналары мен Қарағанды қаласының инстаграм әлеуметтің желісінде оқиға туралы ақпарат жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715489-karagandyda-13-zasar-okusy-kyz-asylyp-ldi/