Қасиетті қазы: Алматыда шұжықтан "Алла" жазуы табылды (видео)
Опубликовано:
NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Алматыда "Алла" жазуы бар қазының табылғанын көрсететін видео жолдады.

"Біздің отбасымызда жақсы жағдай орын алды деп ойлаймыз - қазыдан араб тілінде "Алла" жазуын таптық. Бір тілімінде "Алла" жазуы екі жағынан да көрініп тұр. Бұл оның отбасымызда, мұсылман қоғамында бар екенін көрсететін белгі де білеміз", - дейді ролик авторы.
Видео авторы бұл жайтты түсірген кезде шатасып, 2017 жылы болған деп айтып қалғанын, ал шын мәнінде бұл жағдай 2018 жылдың 8 ақпанында орын алғанын алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін де Атырауда қазыдан "Алла" жазуы табылғанын көрсететін видео тараған болатын.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716626-kasietti-kazy-almatyda-szyktan-alla-zazuy-tabyldy-video/