Павлодар тұрғынын көшеде сабаған жедел жәрдем қызметкерлері елдің ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Павлодарда жедел жәрдем өкілдерінің көшеде өтіп бара жатқан жолаушыны ұрғаны туралы видеоға қатысты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Коллаж: NUR.KZ.
Коллаж: NUR.KZ.: UGC

Алдын ала мәлімет бойынша, видеода көрсетілген уақытта жедел жәрдем қызметкерлері Суворов көшесінде болмағаны айтылады.

Дәрігерлердің айтуынша, мамандар жағдайды анықтау үшін оқиға орнына барған.

Камера Суворов көшесіндегі №8 үйдің кіреберісінің үстіне орнатылған. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі медицина саласының өкілдері оқиға болған маңда болмағанын айтады.

«Біз GPS-пен тексеру жүргіздік, сондай-ақ ол уақытта ауысым болып жатқан. Интернетте тараған оқиғаға қатысушылар медициналық қалдықтар үшін медициналық мекемеге келіп жатқан жеке компанияның қызметкерлері болып табылады», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Бұл сұмдық оқиға Hue Telegram желісінде жарияланған.

Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716734-pavlodar-trgynyn-ksede-sabagan-zedel-zrdem-kyzmetkerleri-eldi-asuyna-tidi-video/

jitsu gif