Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өгей әкенің қорлығы: 12 жасында зорланған бойжеткен егіз баласын тастап кетпекші

Опубликовано:

Бүгінде қыз-келіншектердің көрген зорлық-зомбылықтары ел проблемасына айналғандай. Кішкентай күнінде зорланып, жақын жандарынан зәбір көрген бойжеткеннің бір елге жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жас қыздың басынан өткен жайт Ләйлә Сұлтанқызының "Әйел" деп аталатын кібатында баяндалған. Кітаптан үзіндіні танымал актриса Гүлназ Жоланова оқып берді.

«Сіздерге ішіме сыймай жүрген сырымды айтқым келеді. Кішкентай кезімде әкем жол апатынан қаза болды. Анамыз екінші рет отбасын құрды. Мен ол кезде 12-де едім. Өгей әкем мені ұнатпайтын. Үйде ешкім жоқта тиісіп, зорлап жүрді.
Осылай 16 жасыма дейін зорланып келдім. Қыстыкүні өгей әкем қораға тыр жалаңаш қылып шығарып, мәз болатын. Бір күні шыдай алмай анама бар шындықты айтып бердім. Ол өзімді сабай жөңелді. Көрмегенді көрдім.
Сөйтіп жүргенде бір жігіт мені алып қашып кетті. Алғашында бәрі жақсы болды. Аяғым ауыр кезде жолдасым қол көтере бастады. «Сен қыз болмай келдің, мына бала менен емес» деп ұрып, үйден қуып жіберді. Аналар үйіне келіп, егіз босандым. Балаларымды бөбектер үйіне өткізуді ойлап жүрмін», – деп кітаптан үзінді оқыды Жоланова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1716803-gej-keni-korlygy-12-zasynda-zorlangan-bojzetken-egiz-balasyn-tastap-ketpeksi/

pixel