Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төрт ағайынды" ісі бойынша қамауға алынған полковник сотта ағынан жарылды

Опубликовано:

"Төрт ағайынды" ісі бойынша мұнай тасымалында қылмыстық топқа болысты деп айыпталған Ақтөбе облысы ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов сотта өзінің кінәсіз екенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Төрт ағайынды" ісі бойынша қамауға алынған полковник сотта ағынан жарылды
"Төрт ағайынды" ісі бойынша қамауға алынған полковник сотта ағынан жарылды: UGC

Бұрынғы полковник Ахановтың айтуынша, Ақтөбе облысында мұнай ұралған кей қылмыстық топ мүшелерімен ол тек футболға, моншаға және кәсіпке деген ортақ қызығушылық бойынша араласып келген.

"2015 жылдың көктемінде үлкен іс-шарада жас жігіт ролик көрсетті. Ол Реал Мадридтің жанкүйері екенін айтты... Есенжанмен осылайша таныстым. Өзім де футбол жанкүйерімін. Онымен басқа ортақ ісім болған емес", - дейді Рахат Аханов.

Ал қылмыстық топтың өзге мүшесі Саясат Дусуповпен Аханов өзін тек моншаға деген ортақ қызығушылық байланыстыратынын алға тартты.

"Төрт ағайынды" ісі бойынша қамауға алынған полковник сотта ағынан жарылды. Фото: Диапазон
"Төрт ағайынды" ісі бойынша қамауға алынған полковник сотта ағынан жарылды. Фото: Диапазон: UGC

Мұнай ұрлауда қылмыстық топқа болысты деген айыптауларды Аханов толықтай мойындай отыр.

"Дусупов маған 700 мың теңгені бір-екі рет берді. Бұны мен толықтай мойындамаймын. Мен ешкімге болысқан емеспін. Еркетаев төрт ай тасығанын айтуда. Үш рет ақшаны жеке маған ұсыныпты. Және тағы бір рет жүргізушісі арқылы беріп жіберіпті. Ал жүргізушісі үш рет бердім дейді. Мұның бәрімен келіспеймін.

Неге сөздері байланыспайды? Ең бастысы тергеу маған кесірі тиетін қызмет жасап жіберді. Олар маған келіп түскен қоңыраулар тізімін жасапты. Еркетаев маған тек екі рет қоңырау шалған", - дейді Аханов.

Еске салсақ, "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының көшбасшысы Еркін Ізбасар 2016 жылдың 7 желтоқсанында қамауға алынған болатын. Арнайы қызмет оны Ақтөбе облысында мұнай ұрлағандардың бірі деп санайды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717280-trt-agajyndy-isi-bojynsa-kamauga-alyngan-polkovnik-sotta-agynan-zaryldy/

pixel