Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер сауап жинау үшін тұрғындарды жұма сайын тегін тасып жүр (фото)

Опубликовано:

Шымкентте әр аптаның жұмасында кейбір қоғамдық көліктер қала тұрғындарын тегін тасымалдайды деп хабарлайды sn.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz: UGC

Бұл ешқандай да маркетинг емес. Жүргізушілер осылайша сауап жинаймыз дейді.

Шымкентте автобустардың жолаушыларды тегін тасымалдауы алғаш рет емес және жергілікті тұрғындар үшін бұл жаңалық та емес. Өйткені, жыл сайын рамазан айында кәсіпкерлер автобустарға бір айлық табысын өз қалталарынан төлеп, халыққа тегін жұмыс істетеді. Бұл да жарнама үшін емес, тек сауап жинау үшін.

Сондай-ақ, ораза кезінде кешкі намаздан кейін кейбір такси жүргізушілері де мешіттен шыққан жамағатты тегін тасымалдайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717375-symkenttikter-sauap-zinau-sin-trgyndardy-zma-sajyn-tegin-tasyp-zr-foto/

pixel