Елімізде дипломы жоқ болса да 200 мың табыс тауып жүрген кімдер?

Опубликовано:

Жоғары оқу орнын бітіріп, дипломға қол жеткізбесе де, айына 150-200 мың теңге табыс тауып жүрген жандар елімізде аз емес. Осы орайда, NUR.KZ порталы "Атырау" газетіне сілтеме жасай отырып, арнайы құжатты қажет етпейтін мамандықтар тізімін назарларыңызға ұсынады.

Елімізде дипломы жоқ болса да 200 мың табыс тауып жүрген кімдер?
Елімізде дипломы жоқ болса да 200 мың табыс тауып жүрген кімдер?: UGC

Бұл қатарға алдымен слесарь-сантехниктерді жатқызамыз. Өйткені, тұрмыста бұл маман иелеріне көп адам зәру болады. Біле білсеңіз, слесарь-сантехниктердің айлығы 100-150 мың теңгеден кем емес.

Табысты мамандықтың бірі — дәнекерлеуші. Металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе, күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс табуыңызға болады.

Сондай-ақ, табысты фотограф, видеограф үшін дипломның мүлде керегі жоқ. Той-думанды сүйетін қазақ халқының ортасында олардың жұмысы әрдайым сұранысқа ие.

Білікті мамандар бір той түсіріліміне 200 мың теңгеден табыс табады.

Әрине, электрик қызметкері әр үйге қажет. Мұндай қызметке мұқтаж қаншама кәсіпорын, мекемелерді де ескеріңіз. Жақсы электриктер айына 150 мың теңгеден табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718526-elimizde-diplomy-zok-bolsa-da-200-my-tabys-tauyp-zrgen-kimder/