Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурызда әйелдерді қалай таңғалдыруға болады? (фото)

Опубликовано:

Халықаралық әйелдер мерекесі жақындаған сайын, ер азаматтар қандай сыйлық алсам екен деп бас қатыратыны анық. Осыған орай, NUR.KZ порталы нәзік жандылар ерекше ұнататын сыйлықтар тізімін анықтап көрді.

1. Ерекше гүлдер. Бұл күні қыз-келіншектерді әдеттегі раушан гүлімен қуантуға болады. Алайда, сүйіктіңіздің немесе анаңыз бен қарындасыңыздың оған таңғалуы екіталай. Сол себепті, гүл шоғының көлеміне емес, бұрын соңды көрмеген ерекшелігіне, қорабына және түсіне мән беріңіз.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

2. Иіссу. Егер мерекеде сүйіктіңізге иіссу сыйлағанды жөн көрсеңіз, оны қыздың құрбысымен немесе басқа да жақын адамдарының бірімен таңдағаныңыз жөн. Себебі, алған затыңыз оның көңілінен шықпай қалса, мерекелік көңіл-күй су сепкендей басылып қалуы әбден мүмкін.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

3. Әшекей бұйымдар - нәзік жанды қауымның басым бөлігін қызықтыратын, таңғалдыратын сыйлық. Бастысы - оның бағасы емес. Сәтті таңдау жасау маңыздырақ. Мәселен, жас қызға өте нәзік алқалар мен жүзіктер жарасса, ересектеу әйелдерге үлкен тасы бар, көлемді бұйымдар ұнайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

4. Әмиян немесе сөмке. Егер сыйлықты алатын адамның қандай заттарды ұнататынын білсеңіз, онда әмиян немесе сөмке - ең пайдалы, қажет сыйлық болмақ. Ол үшін нәзік жандының бұрынғы ұстап жүрген заттарына көбірек мән беріңіз.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

5. Сәтті билет. Концертке, ойын-сауық кешіне немесе романтикалық кешкі асқа шақыру да жұбыңыз үшін өте жағымды әсер қалдыратыны анық. Ал аналар үшін өмір бойы тыңдап келген сүйікті жұлдызының мәдени кеші - ешқашан ұмытылмас ғажап эмоциялар сыйлайды. Бастысы - құттықтағыңыз келген адамның қызығушылықтарына көбірек мән беріңіз.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

6. Фотосессия. Соңғы уақытта үлкен сұранысқа ие болып жатқан қызмет түрі әйелдер үшін сыйлық ретінде де көңілдерін қуантады. Сондай-ақ, бұл - үйдегі қыз-келіншектердің барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлап, "бір оқпен бірнеше нысанды дәлдеуге" тамаша әдіс. Мәселен, фотографпен алдын ала келісіп, дәл мереке күні отбасылық фотосессия жасаңыздар.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Бұл кеңестер сіздің анаңызды, сүйіктіңізді немесе әпке-қарындасыңызды таңғалдыруға арналған бағыт-бағдар ғана. Жалпы қандай сыйлық алсаңыз де, оған жан тебірентерлік шынайы лебізіңіз бен жүректегі аз ғана махаббатыңызды қосып берсеңіз, нәзік жандылар қауымы мұны міндетті түрде жанымен сезінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719968-8-nauryzda-jelderdi-kalaj-tagaldyruga-bolady-foto/

pixel