Шымкенттік жігіттер 8 наурызға ерекше құттықтау ұйымдастырған (видео)
Опубликовано:
Шымкент қаласының әуесқой автокөлік жүргізушілері келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен қыз келіншектерді құттықтап, ерекше сый жасады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісінде жарияланған видеожазбада автокөліктер тізбектеліп тұрып, "8 наурыз" деп жазғанын байқауға болады. Оны түсірген шымкенттік жігіттер Қазақстанның барша қыз-келіншектерін мерекемен құттықтап, өзге өңірлерді де осылай сый-құрмет көрсетуге шақырды.
Желі қолданушылары оларға түрлі жағымды пікірлер қалдырып, алғыстарын жаудыруда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719993-symkenttik-zigitter-8-nauryzga-erekse-kttyktau-jymdastyrgan-video/