Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 күн бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен 15 жастағы қыз Алтын Орда маңынан табылды (фото)

Опубликовано:

Бұдан 12 күн бұрын жоғалып кеткен алматылық Әйгерім Рысбек табылды. Бұл туралы оның ағасы Жәнібек хабарлады деп жазады NUR.KZ порталы.

Бейтаныс жігітпен кездескен 15 жастағы оқушы қыз табылды
Бейтаныс жігітпен кездескен 15 жастағы оқушы қыз табылды: UGC

Әйгерім Рысбек ағасының айтуынша, қарындасы жаңа ғана табылған.

"Қарындасым табылды. Біз қазір ІІБ-дамыз. Ана жігіт ұстап отырған дейді. Нақты ақпаратты кейінірек ұсынамыз", - деді ол.

Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бұл іске қатысты пікір білдірді.

"Тергеу амалдары аяқталды. Өткен түнде Әйгерім Рысбек Алтын Орда базарының маңынан табылды. Қазіргі таңда Жетісу АІІБ-де сұрақ-жауап алу процесі алынып жатыр. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кеткен.

Ол құрбыларының үйінде болған. Қазіргі таңда ата-анасынан жауап алынатын болады. Кәмелетке толмаған баласының жүріс-тұрысын қадағалау ата-анасына заңмен жүктелген", - деді Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720360-12-kn-bryn-sty-kjli-zogalyp-ketken-15-zastagy-kyz-altyn-orda-maynan-tabyldy-foto/

pixel