Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт атышулы Байзақованы басты рөлге түсірген режиссерге риза болды

Опубликовано:

Танымал қазақ журналисі Дана Нұржігіт Байзақованы басты рөлге түсірген Азамат Сатыбалдының көрегенділігін сөз етті. Оның айтуынша, фильмде ол атышулы бойжеткеннің шынайы болмысын дәл көрсеткен. Бұл туралы қазақ журналисі Асхат Садырбайдың "Үлкендердің әңгімесі" атты жобасында айтты.

Дана Нұржігіт атышулы Байзақованы басты рөлге түсірген режиссерге риза болды
Дана Нұржігіт атышулы Байзақованы басты рөлге түсірген режиссерге риза болды: UGC
"Танымал әуекомпанияның ұшағында отырып, режиссер Азамат Сатыбалдының "Бір сен үшін" фильмін көріп қалдым. Басты рөлде екі әйел бар. Жағымсыз рөлде ойнайтын актриса ретінде таңдалған Байзақованың абыройсыздығын көргенде, мен Азаматтың режиссер ретіндегі көрегенділігіне таңғалдым. Себебі, Байзақова фильмде де жағымсыз кейіпкерді ойнайды... Азамат та Байзақованың көзінен пендешілікті көрген. Демек, Байзақованың бойында ондай қылық бар. Көп ұзамай түнгі клубтағы абыройсыздығы елге жария болды және ол оны тереңдете түсті. Сұқбат берді. Бірнеше күн абақтыға жабылды және соны кейде қаға жария етті. Бұл көрініс қоғамдағы нені көрсетеді? Біз әйел туралы көп айтамыз. "Әйел бақыты" хабарын ашамыз. "Бақытты әйел" бағдарламасын ашамыз.

Әйелді бақытқа жету жолындағы агрессивті тәсілдерін жарнамалаймыз. Ол қалай болғанда өзін өзі сата білу керек дегенді көп айтамыз, жәрмеңкеге шығарылған тауар болуды әбден бойына сіңірген. Мына жабайы рыноктың шарты тірі тауарға айналған әйел. Сол санасын жаулап алған. Ер-азамат келіп, менің көңілімді аулап жүріп, менің жолымды торуылдап дүріп, оның менің жанымда жүретін адам ретіндегі қасиеттері бар ма деп бағалаудың орнына, ол өзін тауар секілді сатады. Қандай қасірет бұл. Абыройсыздық. Мен әйел адамның Алладан кейінгі құдіретін жатырыма бала біткенде түсіндім. Бәрі әйелден басталатынын түсіндім. Бұл ғажап қой", - деді Дана Нұржігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720865-dana-nrzigit-atysuly-bajzakovany-basty-rlge-tsirgen-rezisserge-riza-boldy/

pixel