Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық әнші қырғыздардың тарихи мюзиклінде басты рөлді сомдады (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық актриса, танымал әнші үш ұлдың анасы Салтанат Бақаева Қырғызстанның "Дарак ыры" тарихи киносында басты рөлді сомдады. Бұл туралы актриса желідегі парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото Салтанаттың instagram парақшасынан алынды
Фото Салтанаттың instagram парақшасынан алынды: UGC
"Менің парақшамның тұрақты көрермені білер, күзде Қырғыз елінің ең алғашқы тариxи "Дарақ ыры" атты мюзиклінде басты рөл бұйырды. Мен үшін бұл толық метражды кинода алғашқы қадамым болды, және сол себепті өзіме өте ыстық! Маған сенім артып, шақырғандары үшін бүкіл ұжымға алғысымды білдіремін! Чоң раxмат!", - деп жазды Бақаева Instagram парақшасында.

Қазақпараттың хабарлауынша, "Дарак ыры" - мюзикл жанрында түсірілген Қырғызстанның алғашқы кинотуындысы.

Фильм сюжетіне ерте заманнан бүгінгі ұрпаққа жеткен қырғыз аңызы негіз болған.

Ал аталған туынды 1 наурыздан бастап, Қырғыз елінің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720917-tanymal-otandyk-nsi-kyrgyzdardy-tarihi-muziklinde-basty-rldi-somdady-foto/

pixel