Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман болып, жел күшеюі мүмкін

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстік және шығыста қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан аймағының басым бөлігінде тұман күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот: kazhydromet.kz
Скриншот: kazhydromet.kz: UGC

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін болуы күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720980-bgin-elimizdi-basym-bliginde-tman-bolyp-zel-kseui-mmkin/

pixel