Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшылары ресейлік қарсыластарынан ойсырай ұтылды (фото)

Опубликовано:

Қазақ боксшылары ресейлік "Патриот Боксинг Тим" командасынан 0:5 есебімен ойсырата ұтылып қалды. Санкт-Петербургте өткен Әлемдік бокс сериясының сегізінші маусымындағы кездесуде "Астана Арланс" жеңісті қолдан берді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ боксшылары ресейлік қарсыластарынан ойсырай ұтылды (фото)
Қазақ боксшылары ресейлік қарсыластарынан ойсырай ұтылды (фото): UGC

52 келіге дейінгі салмақ категориясындағы боксшылар рингке бірінші боып шығып, Сәкен Байбосынов Павел Гунченкодан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал 60 келіге дейінгі салмақтағы Серік Теміржанов болса, Әбубәкір Айдамировтан 1:2 есебімен жеңілген.

Сонымен бірге, Бекзод Халметов, Шаймұрат Құсайынов, Нұрсұлтан Аманжоловтар да ресейлік әріптестерінен жеңіліп, команда алғаш рет Әлемдік бокс сериясынан ұтылып қалған.

Еске салсақ, бұған дейін "Астана Арланс" аталған команданы 5:0 есебімен жеңіп кеткен еді. Қазақстандвқ клубтың келесі кездесуі 24 наурызда Үндістанда өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721012-kazak-bokssylary-resejlik-karsylastarynan-ojsyraj-tyldy-foto/