Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауыр дерттің кесірінен балалар күн көзінен тығылуға мәжбүр (фото)

Опубликовано:

Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында екі бала аса ауыр әрі сирек кездесетін дертке шалдыққан. Соның салдарынан олар күн көзінен аулақ болудан басқа амалдары жоқ деп хабарлайды Мой ГОРОД сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Аурудың медициналық атауы – пигменттік ксеродерма. Тұқым қуалаушылық қасиеті бар бұл дертке әлі күнге дейін ем жоқ.

Сегіз жасар Дәурен мен оның бір жасар інісі Мансұрда ультрафиолеттік сәулелерге деген асқан сезімталдық байқалады. Күн көзіне шыға бергенде олардың денелеріне түрлі жаралар қаптап кетеді. Олар өз кезегінде, қышып қана қоймай қанайтын жағдайлары да болып тұрады.

Емделмейтін генетикалық ауру салдарынан балалар түнгі өмірмен сүруге мәжбүр. Олардың аналарының айтуынша, біздің елде аурудың бұл түрі емделмейді. Ал шетелге апарып қаратуға қаражат жетіспейтін көрінеді.

Қазіргі таңда балаларға тазалық пен диетаны сақтаумен қоса күнделікті күтім керек. Және де ең бастысы далаға мүлдем шығуға болмайды.

Дәрігерлер отбасыға қоныс аударуға кеңес берсе керек. Алайда, оны да іске асыруға бүгінгі күні қаржы жоқ.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Аурудың аса қатты өрбитін кзң көктемнен бастау алып күзбен аяқталады. Жаз уақытысында балалар ауруханаларды паналайды. Дерт кесірінен, олар басқа балалар сияқты мектепке барып білім де ала алмайды.

«Кейбір күндері ұлдарым күні бойы мазасыз болады. Ондай кезде дәрігерлердің көмегінсіз өзіміз ештене жасай алмай қаламыз. Қаладан қолайлы пәтер алып көшсек арманым жоқ» дейді ашынған ана.

Олай айтуына толық негіз бар. Өйткені судың өзі бұл аймақта үлкен проблемаға айналса керек.

Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz: UGC

Дәурен мен Мансұр мерзімді түрде амбулаторлық және стационарлық емдеуден өтіп тұрады. Оған қоса бірнеше республикалық емдеу орталықтарында да болған.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәлімдеуінше, шетелге балаларды апару ешқандай нәтиже бермейді. Оған себеп – әлемдік медицинадағы бұл ауруды емдеу тәсілдерінің тапшылығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721137-bko-da-auyr-dertti-kesirinen-balalar-kn-kzinen-tygyluga-mzbr-foto/

pixel