Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тырнағының бояуын кетірмек болған қыздың қолы күйіп қалды (фото)

Опубликовано:

Тырнағының бояуын кетірмек болған қыз қолын күйдіріп алды деп жазады Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. Мұндай оқиға қалада бірінші рет кездесіп отыр. Әзірге, зардап шегушінің жағдайы жақсы.

Алматылық қыз қолын күйдіріп алды. Фото: Қазақпарат
Алматылық қыз қолын күйдіріп алды. Фото: Қазақпарат: UGC

Қалалық Қоғам денсаулығын қорғау департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Ең алдымен, құтының ішінде улы заттар бар ма, жоқ па соны тексеру керек. Екінші жағынан әйелдің бұл затқа аллергиясы болуы мүмкін. Зертханада бұл сұйықтықтың құрамы тексеріліп жатыр. Кейін сұйықтықтағы улы заттардың мөлшері қалыптан асып кеткені анықталған болса, онда оқиға ісін сотқа беруге болады», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Оқиға 6 наурызда болған. Гүлжихан Маутова Саин көшесіндегі дүкендердің бірінен тырнақ бояуын кетіретін сұйықтық сатып алған.

«Кешкі сағат 10 шамасында барлық дүкендер жабық болды. Тек «Дана» дүкені жұмыс істеп тұрған. 100 теңгеге сұйықтық сатып алдым. Жарты сағат бойы бояуды ысқыладым, кетпеді. Бұрын мен осындай құтыны пайдаланатынмын, ешқандай проблема болған емес. Сосын қолым аши бастады, кейін қолым күйіп, терім түсіп қалды. Сыртында ацетон жоқ деп жазылған және оның иісі шығып тұрды», - деді келіншек.

Гүлжихан Маутова дүкенге барғанда дүкен иесі сұйықтықты көтерме базардан сатып алғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721200-almatyda-tyrnagyny-boauyn-ketirmek-bolgan-kyzdy-koly-kjip-kaldy-foto/

pixel