Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір көргеннен ғашық болу: Желіде ҰБТ-ның сынақ кітапшасындағы сұрақтар тарап кетті

Опубликовано:

Интернет желісіне жаңа форматтағы бірыңғай тестілеудің күлкілі сұрақтары тарап кетті. 10 сыныпқа арналған тест сұрақтарын қызық көрген желі қолданушылар, оларды бір-бірімен бөлісіп әлек деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Желіні шулатқан 1506 нұсқалы сынақ кітапшасы болса керек. Тапсырма бойынша Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романынан берілген үзінді бойынша сұрақтар көрсетілген.

«Кіршіксіз, таза махаббат қай кезде пайда болады?», «Бір көргеннен ғашық болу тіркесіне тән қатарды анықта?» деген сияқты сауалдар оқушыларға қызық көрініп, интернет қолданушыларымен бөлісуге итермелеген.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz: UGC

Балалардың интернетке жүктеп жіберген сұрақтары желі қолданушылар арасындағы қызу талқыға ұласты. Аудиторияның пікірі екіге бөлінген.

Оқырмандардың бір бөлігі сұрақ мазмұнына байланысты күлкіге қарық болып жатса, кейбіреулері тест құрастырушыларға көңілі толмайтынын айтып, өз наразылықтарын білдіріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721351-bir-krgennen-gasyk-bolu-zelide-bt-ny-synak-kitapsasyndagy-sraktar-tarap-ketti/

pixel