Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың найзағайы: Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы лақап аты белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы лақап аты анықталды. Мамандар оған "Қазақтың найзағайы" деген лақап ат берген деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов. Фото: kfb.kz
Данияр Елеусінов. Фото: kfb.kz: UGC

"Қазақтың найзағайы" - бірнеше лақап аттың ішіндегі нұсқаның біреуі болған. Алайда қазақстандық боксшының промоутері Эдди Хирн дәл осы лақап атты ұнатқан екен.

Айта кетейік, танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді.

Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721418-kazakty-najzagajy-daniar-eleusinovti-ksipkoj-bokstagy-lakap-aty-belgili-boldy/

pixel