Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық журналист былапыт сөздер айтатын "шымкентский" блогерге ескерту жасады

Опубликовано:

Белгілі отандық журналист Берік Мыңжасар қоғамдағы түрлі жайттарға үнемі пікір білдіріп отыратын заңгер әрі блогер Айгүл Орынбектің тұлғалық қасиеттеріне қатысты сын айтты. Оның айтуынша, Айгүл Орынбек тез танылып, мүдделі топтардың сұранысына жету жолында «құласаң – нардан құла» дегенді берік ұстанған. Бұл туралы Serke.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Отандық журналист былапыт сөздер айтатын "шымкентский" блогерге ескерту жасады
Отандық журналист былапыт сөздер айтатын "шымкентский" блогерге ескерту жасады: UGC

Былапыт сөздерді желідегі жазбаларында көптеп қолданатын Айгүл Орынбек бұл жолы Берік Мыңжасар есімді журналистің шамына тиген. Оның айтуынша, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек, Ләйлә Сұлтанқызы, Баян Мақсатқызы, Геройхан Қыстаубаев сияқты қоғамда беделі бар тұлғалардың жағасына жармасу арқылы ол өз атын шығарғысы келген.

«Шымкентский» блогердің тактикасындағы айту-жазу мәнеріне ерекше тоқтала кеткен жөн. Бірақ тіл ғылымы тұрғысында оның жазу-сызуындағы сауатсыздығын бұл жерде айтып жатпаймыз. Айгүл Орынбек шүйлігетін нысанасына қаратып базарда сауда жасап жүріп шая мінезге ұрынған, «ауызына ақ ит кіріп, көк ит шығатын» әйелдерге тән ыпылас сөздерді қолданады, ара-тұра боқауыз айтады. Сөзіміз дәлелді болу үшін оның әлеуметтік желідегі бірнеше жазбасынан үзінді келтірейік:

«...Фейсбук деген жақсы болды ғой, жасы келген қолы бос, құтырып, ышқынатын қатындарға! Байынан алалмай жүрген лəззатын, осындағы халыққа "у" қылып шашып отыратын!...»;

"Талғат аға, Геройхан аға!.. Бұлай ұлтшыл болмай-ақ қойыңыздаршы!.. Қатындардан еш айымаршылықтарыңыз жоқ! Қатын боласыздар!...»;

«...Ешқандай ағымға кірмей к... қысып жүруге болмай ма?...»;

«...Баянның басынан "Бақыт" құсы ұшты... Таңдаған Тұрсыны Баянның күнде к...н ашып əлек! Қазақ болмаған соң, қазақ қыздарының ар-намысына пысқырғаны бар ма?.. Сұлулық символына айналған Баяндарыңды жəйлап ел алдында шешіндіріп жатырмын демекші ме? Баян танымал болу үшін енді тек тырдай жалаңаш шешінуі қалды ма? Басқа амал қалмады ма айтшы Баян?... Бақытбек барда сен Баян едің, қазір сен шаянға айналдың!..»;

"Ой қара тышқан бойы бір тұтан болған, ішіңнің бəрі қара ниеттен өспей қалған сорлы Сандуғаш (...)! Менің қозыдай майланған құйрығымды əңгіме қылғанша, əр еркектен қалған өз к.... былығына ие болсай. Байға тимеген дейсің бе? Байға тиген сен қарық болып жүрсің бе? Ж...тірі байың бола тұра отбасылы еркектерге жабысып, əрқайсымен бір жатып оларды суретке түсіріп шантаж жасап жүрген шірік ...»...

Журналистикамен қабаттас кетіп бара жатқан блогерлік кәсіпке бет бұрған Айгүл Орынбектің қарапайым этиканы былай ысырып қойып, заң шеңберінен аттап, аттандап кетуінің басты себебі, жоғарыда айтып кеткендей, оның сауатсыздығында жатыр...

...Сондықтан, Айгүл Орынбек өзінің осы кемшілігін жасыру үшін, ал «айтқанымның әсері күшті болып көрінсін» деп сөзіне боқауыз сөздерді қосып, тарпа бас салатын шайпау блогер болып шыға келді. Оның жаман ойынша, қоғамға бұрыннан белгілі авторитеттерді сынап-мінеп тастаса, солармен теңескендей болып көрініп, тез танылып шыға келмек", - дейді өз мақаласында Берік Мыңжасар.

Сонымен бірге автор Айгүл Орынбектің желідегі жазбаларына қарап, оның заңгерлігіне де күмән келтірген.

"Дипломы бар екені рас шығар – оның қандай жағдайда алғанына тереңдеп жатпаймыз. Бірақ оның әлеуметтік желідегі жазбаларын оқып отырып, Конституциядан, соның негізінде қабылданған заңдардан, адам құқықтарынан хабардар екеніне күмәніміз бар", - деген журналист оны бірнеше бап бойынша жауапқа тартуға болатынын ескертті.

"Қазірдің өзінде Айгүл Орынбекті қорлық сөз айтып тіл тигізу, жала жабу, лауазымды тұлғаның беделіне нұқсан келтіру, араздық тудыру және т.б. баптар бойынша жауапкершілікке тартуға болатын деректер қордаланып қалған сияқты", - дейді ол.

Ескерту! Мақала авторының сөздері сол күйінде еш өзгерістілместен берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721487-otandyk-zurnalist-bylapyt-szder-ajtatyn-symkentskij-blogerge-eskertu-zasady/

pixel