Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балиева жұртты алаңдатқан 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Балалар омбудсмені Зағипа Балиева Шымкентке арнайы барып, "жоғары сынып оқушыларынан қысым көріп, зорланды" деген баламен және оның әжесімен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Зағипа Балиева. Фото: Qasym.kz
Зағипа Балиева. Фото: Qasym.kz: UGC

Заңгер Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында балалар құқығын қорғау бойынша қызметкермен кездесу барысынан видео жариялаған.

Балиева бірінші сынып оқушысының денсаулығы мен оны кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жатқызу туралы айтып берді.

Оның айтуынша, полицейлердің баланы әжесімен бірге кеңсеге алып кеткені дұрыс шешім болған. Себебі, онда бала үнемі психологтар мен жақындарының қамқорлығында болады.

Балиева оқушының қазір өзін жақсы сезінетінін де жеткізді. Қазір оны тергеушілер де, қорғаушылар да, тіпті өзі де сұрақтың астына алуға құқығы жоқ екенін айтты. Бала дұрыс демалып, дамып, сабағын оқып, уақытылы теледидар көруі керек дейді.

Комплексті сараптама баланың медициналық тексеруге дайын болған кезінде бір-ақ жасалады екен.

Балиеваның айтуынша, уақыт ешнәрсені өзгертпейді. Себебі, сексуалды зорлық жағдайы шынында орын алған болса, сарапшылар оның ізін міндетті түрде тауып алады деп отыр.

Еске салсақ, кеше әжесі мен немересі Алматыға бара жатқан жолда полицейлер жібермей, кеңсеге алып кеткен болатын. Қазір тәртіп сақшылары іске қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1721651-balieva-zrtty-aladatkan-7-zasar-balany-zagdajy-turaly-ajtty-video/

pixel