Шымкентте ауа температурасы +20 градусқа жетіп, өрік гүлдеді
Опубликовано:
Қылышын сүйретіп қыс кеткеннен кейін Оңтүстік өңірде ауа райы күрт жылынып, ағаштар бүршік ата бастады. Ал Шымкентте күндіз +20 градусқа жеткен температураның әсерінен өрік талдары гүлдеп жатыр деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, гүлденген, жұпар аңқыған ағаштардың жанынан жаңа бүр жарған гүлге қонған араларды көруге болады.
Ал қытымыр қыстан шаршаған қала тұрғындары мен қонақтары қабат-қабат киімдерін тастап, жеңіл киімдерге көшкен.

Сонымен қатар көктемнің сәнін енді бүршік атып келе жатқан емен ағаштары да келтіруде. Ал бір айдан кейін қалада алма, шие ағаштары гүлдейді деп күтілуде
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722179-symkentte-aua-temperaturasy-20-graduska-zetip-rik-gldedi/