Ауа райы: Жаздың алғашқы айларында күн суық болады
Опубликовано:
Қазақстандықтар үшін биыл жаз айлары салқын болады. Оған қоса, жауын-шашын көп мөлшерде түседі деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» АҚ Ұзақ мерзімге ауа райын болжау басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Гүлмира Ақышева жаздың алғашқы екі айының салқын болатынын хабарлады. Сонымен қатар жауын-шашын мөлшерінің де нормадан көп түсетіні белгілі болды. Алайда, еліміздің оңтүстігі мен батысында жауын-шашын нормадан аз жауатынын да ескертіп өтті.
"Статистика бойынша жаздың алғашқы екі айы бұрынғыдан салқын әрі жауан-шашынды болады. Ал тамыз айында, күн ыси түспек. Ауаның орташа температурасы 1-2 градус жоғары болып, жауын-шашын мөлшері де азая түседі. Оған қоса күз айларында ауа-райы жылы болады деп күтілуде".
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722294-aua-rajy-zazdy-algasky-ajlarynda-kn-suyk-bolady/