Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да 22 жастағы жігіт көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратты (фото)

Опубликовано:

Әр мереке сайын тұрақты түрде қайырымдылық жасауды әдетке айналдырған Айдар Камалов осы жолы наурыз көжені көшеде отырған кісілерге тегін таратуға кіріскен. Облыстық жастар ресурстық орталығының еріктісі мешіт алдында қолын жайып жүретін жалғыз басты аналарға көже мен қымыз сусынын таратып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

ОҚО-да 22 жастағы жігіт көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратты (фото)
ОҚО-да 22 жастағы жігіт көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратты (фото): UGC

Жас жігіт қайыр тілеп жүретін азаматшаларға осылайша мерекелік көңіл күй сыйламақ.

"Қайыр сұрап жүргендердің қажеттілігін қолдап жатқан жайымыз бар. Аға буын өкілдері қолдауда. Облыстық Жастар орталығы ұйымдастырып берді. Көшеде жүргендерге мерекелік наурыз көже таратып, аз да болса қуаныш сыйлағымыз келеді», - деді Камалов.
ОҚО-да 22 жастағы жігіт көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратты (фото)
ОҚО-да 22 жастағы жігіт көшедегі қайыршыларға наурыз көже таратты (фото): UGC

«Мұқтаж жандарға жастардың жылулығын сыйладық. "Наурыз" мерекесі баршамызға ортақ. Ас ауқаттан дәм татқан азаматтардың көзінен қуаныш пен мейірімділік сезілді. Мұндай жалғыз басты аналарға біздің қамқорлығымыз қажет», - дейді жастар ресурстық орталығының еріктісі Айбар Камалов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722651-oko-da-22-zastagy-zigit-ksedegi-kajyrsylarga-nauryz-kze-taratty-foto/

pixel