Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды (фото)

Опубликовано:

Алматы облысында жалғыз моноқала тізіміне енген Текелі қаласында 80 отбасы баспаналы болды деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды (фото)
Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды (фото): UGC

Ұлыстың ұлы мейрамы - Наурыз мерекесі қарсаңында текеліліктер осылайша қос қуанышқа кенелді.

80 пәтерлі арендалық үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бой көтерген. Шаһар басшысы Бақтияр Өнербаев қоныс той иелеріне пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етіп, әр отбасыға береке-бірлік тіледі. Тұрғын үйдің құрылысына "Ұлттық қордан" 409 млн теңге, жергілікті бюждеттен 45 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Жаңа баспана мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасыларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, толық емес отбасыларға, көпбалалы жанұяларға берілді.
Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды. Фото: ҚазАқпарат
Алматы облысы: Ұлыстың ұлы күнінде 80 отбасы баспаналы болды. Фото: ҚазАқпарат: UGC

Қоныс той иелерінің қатарында пәтер кезегінде он жылдан астам уақыт тұрған зейнеткер Фатима Ізбасарова да бар. Қария 85 жасында баспаналы болған. Текеліде 2018-2021 жылдар аралығында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тағы 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722699-almaty-oblysy-lysty-ly-kninde-80-otbasy-baspanaly-boldy-foto/

pixel