"Қазақстан аруы" сұлулық байқауына дауыс беру басталды (фото)
Опубликовано:
21 рет өткелі отырған "Қазақстан аруы" сұлулық байқауы бұл жолы жаңа форматпен жарияланды: енді жеңімпаздарды таңдауға қазылар алқасынан бөлек кез келген қазақстандық қатыса алады. Онлайн-дауыс беру 22 наурыз күні misskazakhstan.kz сайтында бастау алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл байқаудың финалында Қазақстанның әр қаласынан келген 30 қыз бақ сынайтын болады. Жеңімпаз бойжеткен "Әлем аруы" халықаралық жарысында ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, 5 миллион теңгені ұтып алады.
Айта кетерлігі, ақтық сынның аяқталуына 8 күн қалды.
Осы орайда, қатысушылардың суретін назарларыңызға ұсынамыз:









Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1722793-kazakstan-aruy-slulyk-bajkauyna-dauys-beru-bastaldy-foto/