Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев қошқарды мойнына салып, елді таңғалдырды(видео)

Опубликовано:

Желіде танымал айтыс ақыны Балғынбек Имашевтің қошқар көтеріп, "бес" деген баға алған видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеожазбаны айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram желісінде жариялаған. Онда Балғынбек Имашевтің қошқарды қиналмай көтеріп, иығында алып жүргенін байқауға болады.

Қошқар көтеру сайысы Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында өткен Наурыз тойында ұйымдастырылған. Онда жүргізуші қошқар көтерген ақынға "Бәрекелді, бес!" деп, қара күшін жоғары бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723067-ajtysker-akyn-balgynbek-imasev-koskardy-mojnyna-salyp-eldi-tagaldyrdyvideo/

pixel