Танымал кәсіпкер Алматы қалалық мәслихатының депутаты атанды
Опубликовано:
Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Алматы қаласы мәслихатының депутаты атанды. 25-ші наурыз күні өткен сайлау барысында ол бес мыңнан астам дауыс жинаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәслихат депутаттарының сайлауы 25-ші наурыз күні болып өтті. Сайлау комиссиясының мәліметінше, Қайрат Құдайберген бес мыңнан аса дауысқа ие болып, өзге кандидаттардың барлығын артта қалдырған.
Айта кетейік, танымал кәсіпкерге «THS GROUP» атты құрылыс холдингі тиесілі. Оның үстіне ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі және қоғам қайраткері болып табылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723090-tanymal-ksipker-almaty-kalalyk-mslihatyny-deputaty-atandy/