Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Католик дінін қабылдаған қазақ қызы бақытты отбасының құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Осыдан 17 жыл бұрын Қазақстаннан Италияға қоныс аударып, сол елде өз бақытын кездестірген Аида Байтемірова арада бірнеше жыл салып, өз еліне қайта оралған. Бүгінде жолдасы Розарио Ронга екеуі Астанада тәп-тәуір қызмет етіп жатқан олар, салт-дәстүр, тіл мен діндегі айырмашылыққа қарамастан, берік жанұя құра алғандарына шүкіршілік етеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынғані: UGC

Сұңғақ бойлы, талдырмаш, сыртқы келбетімен бірге ішкі жан дүниесі де сұлу болып жаралған қызылжарлық Аида Байтеміроваға қарап, оның бір кездері балет би өнерінің майталманы болғанын аңғару қиын емес. Тоқырау жылдары, Қазақстанда жұмыс таппай, рухани тұрғыда дағдарып қалған өнер иелері, сол жылдары елден алыс-жақын шетелдерге қоныс аударғаны баршаға аян. Солардың ішінде, Мәдениет саласының Еңбек сіңірген қызметкері Ботагөз Айсинаның шәкірті – Аида Байтемірова да бар еді.

«Сол жылдары жетекшім Ботагөз Айсинаның тобындағы бірнеше қазақ қыздары Италияға көштік. Ондағы мақсатымыз – балет әртісі ретінде сол елде шеберлігімізді шыңдап, өнер көрсету еді. Бірақ, тағдырдың жазғаны болар, Италияға барған соң, өз мамандығымыз бойынша көп жылдар бойы қызмете ете алмадық.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC
Әркім өз жолын тауып, өз бетінше жұмыс істей бастады. Мен италиялық құрбыммен бірге эстетикалық орталық (авт. сән салоны) аштым. Ол жақта біздегідей 2-3 айлық курс бітіріп, кәсіпқой шебер атану мүмкін емес. Білікті маман болу үшін кем дегенде 3 жыл білім алу қажет, сосын жыл сайын біліктілікті арттыру курстарын тәмамдап отыру керек. Яғни, анатомиядан бастап, түрлі массаж түрлерін игеріп алуға тура келді.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC
Осылайша, жұмыс орнымда өзімнің жолдасым – Розирионы кездестірдім. Италиялықтар, бұл жағынан қазақтарға қатты ұқсайды. Олар өте ашық, қонақжай халық және ер адамдары біздің азаматтар сияқты аналарын алдыңғы орынға қойып, ерекше құрмет көрсетеді.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC
Бір қызығы, біздегі оңтүстік өңірлері сияқты, олар да дәл сол аймақтың тұрғындары салт-дәстүрді қатты ұстанады. Оның ата-анасы, жақындары мені жылы қабылдады, күні бүгінге дейін, арамызда қандай да бір түсініспеушілік орын алған емес. Менің ата-анам да мен қабылдаған шешімге құрметпен қарай білді. Қай әке-шеше болса да, қызының бақытты болғанын қалайды ғой. Туыстарым Розарионы жақсы қабылдады", - деп әңгімелеп берді Аида Байтемірова.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC

Сұхбат барысында, қызылжарлық ару жолдасының дінін қабылдап, бүгінде католик дінін ұстанатынын айтып берді.

"Әрине, өз дініңді өзгертіп, өзге наным-сенімге бет бұру оңайлықпен қабылдана салатын шешім емес. Мен оған өзімді біраз уақыт бойы дайындадым, балаларым да әкесінің дінінде. Махаббат пен сенім бар жерде, дін, тіл, мәдениет деген сынды ұғымдар екінші тарапта қалады деп ойлаймын", - деді белгілі балет шебері.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC

Ал жолдасы Розарио Қазақстанға алғаш рет 2007 жылы табан тіреген екен. Теріскейдегі Петропавл қаласында болған оған, қазақ елі бірден ұнады дейді қызылжарлық келіншек.

"2006 жылы ұлым Джованни дүниеге келгеннен кейін, келесі жылы мен ата-анама Петропавлға келдім. Еуропа елінен кейін, Орта Азия еліне алғаш ат басын бұрған Розарио үшін, бұл – естен кетпес сапар болды. Оған Қазақстан қатты ұнады. Сол сапардан кейін, біз жыл сайын тамыз айында елге келуді әдетке айналдырдық.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC
Сосын, балалар өсіп қалған кезде, Розарионың өзі Қазақстанға көшсек деген ұсыныс айтты. Басында, қатты таңалғаным рас, бірақ, мен Италиядағы өмірге үйреніп кеткенім соншалық, Отанға оралу туралы шешімді бірден қабылдау маған оңайға соқпады. Бірақ, балаларымның болашағы үшін, сондай-ақ, өзімнің де кіндік қаным тамған жерім - Қазақстан деген ниетпен 2015 жылы Қазақстанға оралдық. Әрине, жұбайым стоматолог болғандықтан, Италиядағы клиниксын жауып, осында көшіп келу де жеңіл тимеді. Бірақ, қазір, құдайға шүкір, жергілікті тіс емханаларының бірінде жақсы жұмыс істеп жатыр. Тіпті, елімізге белгілі тұлғалар Розарионың тұрақты клиенттеріне айналды десем артық айтқаным емес.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC
Мұнда келгенімізде, ең біріншіден, балам Джованни мен қызым Лаура қатты қиналды. Олар Италияда өмірге келгендіктен, тілдері де сол тілде шыққан еді. Содан орыс және қазақ тілінің арнайы курстарына барып, қазір екеуі де шүкір, елордадағы мектепте білім алып, орысша, қазақша тіл сындырды. Ал, Розириоға келер болсам, ол жергілікті асхана мен қазақ халқына әбден үйренді. Қазір, тіпті, салт-дәстүр мен ұлттық тағамдарды менен артық біледі. Мәселен, бешбармақ, бауырсақ, шұжық, құрт, қолдың сары майын ерекше жақсы көреді. Кейде тіпті, мен дәм тата бермейтін тағамдардардан ауыз тисе, нағыз қазақ болдың деп күліп жатамыз. Сол сияқты Розарио өз өркениетінен де алыстаған емес, бос уақытында қылқаламмен түрлі сурет салуды ұнатады", - деп ағынан жарылды кейіпкер.
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған
Фото отбасының жеке мұрағатынан алынған: UGC

Сұхбат соңында, Аида Байтемірова елге оралғанына еш өкінбейтінін, керісінше, білім қуып, еңбек ететін әр жанға Қазақстанда барлық жағдай жасалғандығын алға тартты. Қызылжарлық арудың пікірінше, "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болғанға" ештеңе жетпейді.

Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Аталған мақаланы көшіріп басуға, таратуға немесе өзге де материалдарға пайдалануға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723309-katolik-dinin-kabyldagan-kazak-kyzy-bakytty-otbasyny-kpiasymen-blisti/

pixel