Астананы тағы да қалың қар басып қалды (фото, видео)
Опубликовано:
Астана көктемнің жылуына әлі де жете алмай әлек. Елордада қалың қар жауып, қалада дауылды алдын ала ескерту жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордалықтар әлеуметтік желілері арқылы қарлы видеоларымен бөлісіп жатыр.
Олар «Астана. 2018 жыл. 57-ші ақпан», «Қыс осымен болды, жетер», "Біз көктемдеде қыстап шығамыз" деген қызықты жазбалар қалдыруда.
Қалың қар салдарынан көліктердің қозғалысында кедергі туындап, жаяу жүргіншілер жүрісі де қауіпті болып тұр.


Астанада мұндай ауа-райының тұрғанына осымен бір ай болды. 26-шы наурыз күні тіпті ақшақар жасауға болар еді.
Енді қалғаны көктемді күту ғана болса керек.


Еске сала кетейік, астаналықтар кеше ғана 29-ы күні болатын ауа-райының ақырзаманы туралы бақандай төрт хабарлама алған.

Синоптиктердің айтуынша, желдің уытқуы секундына 20 метрге жетуі мүмкін және қаланы қатты тайғақ басу қаупі бар.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1723845-astanany-tagy-da-kaly-kar-basyp-kaldy-foto-video/