Еліміздегі ең сұлу ару атанған 16 жасар бойжеткен миллиондарды қайда жұмсайды?
Опубликовано:
Күні кеше "Қазақстан аруы" атанған Альфия Ерсайын байқаудан жеңіп малған миллиондарды қайда жұмсайтынын айтып берді. Ол 3 миллион теңгенің жартысын қайырымдылыққа арнайтынын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

"Мен бұл жеңіске өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен абырой. Барқтарыңызға, ата-анама рахмет. Ұтып алған 3 миллионның жартысын мен қайырымдылыққа, ал қалған бөлігін ата-анама көмек ретінде беремін", - деп ағынан жарылды бойжеткен.
Ол ақшаның бір бөлігін қайырымдылық қорына, сонымен бірге қарттар үйі мен балалар үйіне аударады.

Бұл сыйақыдан бөлек ол фитнес-залға лимитсіз абонемент және дизайнерлік киімдер ұтып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724296-elimizdegi-e-slu-aru-atangan-16-zasar-bojzetken-milliondardy-kajda-zmsajdy/