ШҚО-да лауазымды шенеунік бір ажалдан аман қалды (фото)
Опубликовано:
ШҚО-ның Зырян ауданында бір топ шенеунік тасқын суға кетіп қала жаздады. Абырой болғанда, оларды сол маңдағы тұрғындар құтқарып қалған. Тілсіз жаудың қармағынан құтылған жандардың бірі - аудан әкімінің орынбасары деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Апат кезінде ішінде төрт адам болған көлікті арыны қатты аққан ағын су ағызып әкетіпті. Сол сәтте суда қалған жандарды құтқаруды ғана көздегендер өмірімізбен қоштаса бастадық дейді.

"Аман қалдық қой. Ешкім енді құтқара алмайды деп ойладық. Көліктің іші суға толып, батып бара жатыр. Кеудеме дейін су толды. Сол кезде енді туыстарымызбен қоштаса бастадық. Құтқарған адамдар да өздерінің өмірлерін қатерге тікті", - дейді Зырян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.
Зырян ауданындағы неше күннен бергі қатты тасқынның беті қайтқанымен, қауіп әлі сейілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724750-sko-da-lauazymdy-seneunik-bir-azaldan-aman-kaldy-foto/