Бала туу азайды: Петропавлда жүкті әйелдердің аздығынан перзентхана жабылғалы жатыр
Опубликовано:
Петропавлдағы №3 перзентхана жүкті әйелдердің аздығынан жабылғалы жатыр деп хабарлайды liter.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

20 адамға арнап ашылған ауруханаға тіркелген жүкті әйелдер саны 2011 жылдан бері күрт азайған.
«Бала туу көрсеткіші азайып кетті. Қазір барлығын қала орталығына тексеріске жібереміз», - деді Солтүстік Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Дәуренбек Бейсенбаев.
Айта кетейік, перзентхана 2016 жылы талаптарға сай болмағандықтан жабылып қалған екен. Ал 2017 жылы қайта ашылғанда мамандар тапшы болыпты.
Өткен жылы аурухана қайта ашылғанда мемлекеттен 106 миллион теңге қаржы бөлінген. Енді осы жабдықтарды аурухана басшылығы облыстық перзентханаға өткізбек.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724848-bala-tuu-azajdy-petropavlda-zkti-jelderdi-azdygynan-perzenthana-zabylgaly-zatyr/