Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ Қажымұқан: Түйенің ботасын көтеріп алған балақай желіде хит болды (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде түйенің ботасын мойнына көтеріп тұрып, суретке түскен балақайдың суреті тарап кетті. Анықтамалықтарға сәйкес, шамамен 51 келі тартатын ботаны еш қиналмай көтеріп тұрған бала елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Түйенің ботасын мойнына салып көтеріп алған балақай желіде хит болды (фото)
Фото желідегі ашық дереккөздерден алынды: UGC
Энциклопедиялық анықтамаларға, сәйкес жаңа туған ботаның салмағы шамамен 51 келі тартады екен.

Мұндай салмақтағы жануарды оп-оңай мойнына көтеріп тұрған балақайды көріп, жұрт оған "Болашақ Қажымұқан" деп ат қойды.

"Тьфу-тьфу көз тимесін", "Аман болсын, болашақ Қажымұқан", "Сені елдің тіл көзінен сақтасын", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725232-bolasak-kazymkan-tjeni-botasyn-kterip-algan-balakaj-zelide-hit-boldy-foto/