Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оларды маған Құдай жіберді: 17 жасында аяғынан айырылған футболшы жан сырымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Ауыр дертке шалдығып, аяғын кесуге мәжбүр болған футболшы Бақтияр Мұхамбетқалиев NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, өгей әкесі мен отбасы, болашаққа құрған жоспарларымен бөлісті.

Бақтияр Мұхамбетқалиев
Бақтияр Мұхамбетқалиев: UGC

Бақтияр алты жасынан бастап футболмен айналысқан. Спортқа қатты қызыққан жас футболшы жастайынан танымал астаналық жаттықтырушылардың көзіне түскен. Дегенмен, Бақтиярдың аяғынан 17 жасында қатерлі дерт табылып, спортшыға бір аяғын кестіруге тура келді. Бір аяғына жеті рет операция жасаған ол, 2016 жылдан бастап дертпен күресіп келеді. Соңғы операция осы жылдың ақпан айында жасалынды.

Бақтияр Мұхамбетқалиев
Бақтияр Мұхамбетқалиев: UGC

Жас спортшы аурухана табанын тоздырған күндерін ауыр қайғымен еске алды. Айтуынша, Бақтияр өз аяғымен жүре алмай қалған кезде ауруханаға өгей әкесі көтеріп апарған. Ал туған әкесімен 2010 жылы ажырасып кеткеннен кейін араласпайды. Әкесі ұлының қатерлі дертке шалдыққанын естігенде, жағдайын сұрап тек бір-ақ рет келген.

Бақтияр Мұхамбетқалиев
Бақтияр Мұхамбетқалиев: UGC

"Мен ауырып бастаған жылы менің өмірімде өгей әкем ғана емес, әйелім мен балам да пайда болды. Менің ойымша олар босқа келген жоқ, оларды маған Құдай жіберді", - деген Бақтияр кездесіп жүрген қызы Шадиярдың жүкті екенін біледі.

Екі жас үйленгеннен кейін көп ұзамай дүниеге Дінмұхамед есімді ұл дүниеге келеді.

Бақтияр Мұхамбетқалиев отбасымен
Бақтияр Мұхамбетқалиев отбасымен: UGC

Оның айтуынша, Шадиярдың отбасы Бақтиярдың дерті туралы алғаш естігенде аздап шошынып, таңғалған. Бірақ артынша қыздарының аяғы ауыр екенін білген олар еш қарсылық білдірмеген.

"Біз той жасамадық, бірақ осы жылы той өткіземіз деген ойдамыз. Ата-анамыз біздің некемізге қарсы болған жоқ, себебі олар да жас, небәрі 38-де", - дейді Бақтияр.

Он жеті жасында әке атанған футболшының қаншама қиындықтарды жеңуіне ұлы себепкер болған. Себебі әкесіз өсудің қандай екенін жақсы білетін ол, туған баласының да бұның басынан өткенін қаламаған.

Бақтияр Мұхамбетқалиев отбасымен
Бақтияр Мұхамбетқалиев отбасымен: UGC

Бүгінде жас отбасы мүгедектік үшін берілетін 50 мың теңге зейнетақымен және ата-аналарының көмегімен өмір сүріп жатыр. Жұбайы Шадияр баласы мен күйеуіне қарау үшін оқудан бір жылға академиялық үзіліс алған, ал Бақтияр үйде жатып оқу режимінде.

"Менің ойымша 50 мың теңге зейнатақы ешнәрсеге жетпейді, шынымды айтсам мен ол ақшаға тек баламның жаялығын ғана аламын", - деп сөзін жалғастырды футболшы.

2017 жылдың басында Бақтиярға көмек ретінде "Астана" футбол клубының негізгі құрамы футболкаларын сатты. Сатылымнан жиналған ақшаны спортшыға емделуге берген.

Бақтияр Мұхамбетқалиев "Астана" футбол клубымен
Бақтияр Мұхамбетқалиев "Астана" футбол клубымен: UGC

Сонымен қатар ол Қазақстанда медицина саласының дамымай, бір орында тұрғанын алға тартты. Айтуынша, оған бірінші рет операцияны дұрыс жасамаған.

"Мен бірінші операциядан кейін аяғымды қатты қимылдата алмайтынмын, бірде түнде оянып, жүруге тырысқанымда аяғымның мені ұстай алмай тұрғанын сездім. Сол сәтте бірден жерге құлап түстім. Аяғым 180 градусқа айналып кетті. Бұл дәрігер менің аяғымды дұрыс тікпегендіктен болған оқиға", - дейді жас жігіт.

Қазір футболшы бірінші орында дәрігердің кәсібилігіне қарайтынын айтты. Себебі, алматылық аурухана алғаш рет келгенде оны өзімен жасты бас дәрігер қараған.

"Ауруханаға келесін, ал бас дәрігер болса шамамен сенімен құрдас адам. Әрине, сенбейсің. Мен қазір нағыз маман болмаса, басқа дәрігерлерге қаралмаймын", - дейді ол.

Бақтиярдығ айтуынша, елімізде бос сауда орталықтарын салғанша жақсы аурухана салған дұрыс, оның ішінді онкореабелитациондық орталық ашу керек. Себебі, Қазақстанда мұндай арнайы орталық мүлде жоқ екен.

Бақтияр Мұхамбетқалиев жұбайымен
Бақтияр Мұхамбетқалиев жұбайымен: UGC

"Мүгедектерге арналған арба мәселемі де солай", - деген жігіт денсаулығы үшін арба сұрағанында "Бір аяғын бар ғой", - деген жауап алған.

Айтуларынша арба алу үшін мүгедектің екі аяғына жоқ болуы тиіс екен. Дегенмен Бақтиярдың өз еркімен жүріп-тұруы қиын, оның үстіне дәрігер балдақпен күніне тек төрт сағат жүре аласын деген. Сонда да ауруханадан тиесілі арбсын ала алмай отыр.

"Мен бұл туралы әлеуметтік желіде айтқан болатынмын. Нәтижесінде маған көмектескісі келетін адамдардан көптеген хаттар мен ұсыныстар келді. Бірақ мен ақша жинаумен айналыспаймын, мен мемлекеттен өзіне тиесілі затты күтетін боламын және қалай болса да арбаға қол жеткіземін", - дейді Бақтияр.

Бақтияр
Бақтияр: UGC

Соңғы операция жасалғаннан кейін шамамен үш күннен соң ауруханаға Бақтиярды іздеп отырып ойнайтын волейболдан жаттықтырушы арнайы келген. Оны спортпен айналысуға шақырған. Енді Бақтияр волейболмен айналысып жатыр.

Дегенмен жас жігіттің болашаққа артқан зор үміті бар.

"Алда қайырымдылықпен айналыссам деймін. Келешекте осындау аурумен ауыратын балаларға көмектескім келеді, бұйырса осы оқып жатқан оқуымды бітіріп, тағы да бір мамандық иесі атанғым келеді. Бірақ бұл жолы заң саласын оқитын боламын. Мен сияқты мүгедектердің құқығын қорғағым келеді", - деді Бақтияр.

Сонымен қатар ол студенттерге арналған мотивациялық тренингтер өткізуді жоспарлауда. Айтуынша, болашаққа тіпті Бақтиярдың өміріне қатысты кітап та жарық көруі мүмкін. Ал кітаптың авторы жұбайы Шадияр болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725952-olardy-magan-kdaj-ziberdi-17-zasynda-aagynan-ajyrylgan-futbolsy-zan-syrymen-blisti-foto/