Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есірткі аралас сағыздан уланған оқушылар туралы хабар жұртты шошытты

Опубликовано:

Шымкент тұрғындары арасында оқушылардың есірткі аралас сағыздан уланып жатқаны туралы хабар тарады. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сағыз. Фото: АиФ-Приморье
Сағыз. Фото: АиФ-Приморье: UGC

Хабарламада белгісіз біреулер мектеп ауласында балаларға "Бибо" сағызын таратып жатқаны сөз етілген.

Есірткі аралас сағыздан оқушылар уланып, тіпті есінен танып жатыр деп хабарламада дабыл қаққандардың сөздері расталмады.

Қалалық білім бөлімі полицейлердің бұл ақпаратты тексергенін және факті расталмағанын алға тартуда.

"Дегенмен сағыз таратқан бір топ жастар табылды. Олардың бәрі сағыз компаниясының қызметкерлері. Олардың сағызға қатысты барлық қажетті сертификаттары бар. Қызметкерлер оқушыларға тегін сағыз тарату арқылы компанияның мерейтойын атап өткен", - делінген хабарламада.

Бүгінде жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726185-esirtki-aralas-sagyzdan-ulangan-okusylar-turaly-habar-zrtty-sosytty/

pixel