Назарбаев: Құдайға шүкір, бізде мұнай мен газ, алтын - бәрі бар
Опубликовано:
Нұрсұлтан Назарбаев инновациямен тек артық қаражаты бар елдер ғана айналысатынын жеткізді. Сондай-ақ, президент Қазақстанның мұнайы, газы мен алтыны бар болғаны үшін "Құдайға шүкір" айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Кімнің артық қаражаты болса, сол мемлекет инновациялық жобамен, индустрияландырумен айналыса алады. Міне, біз белгілі бір дәрежеге қол жеткізіп, шикізатқа пара-пар экономиканы құру үшін, алты жылдан бері сол жаһандануға бет бұрдық.
Бізде мұнай, газ, темір, қорғасын, мырыш, алтын - бәрі бар, Құдайға шүкір! Бірақ, көріп отырғанымыздай, әлемдік нарықтағы жағдай бір орында тұрмайды", - деді Назарбаев "100 жаңа кітап" жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында.
Айтуынша, биржалық тауарлар бағасы күнде өзгеріп отырады.
"Өткен жылы мұнайдың бағасы - барреліне 140 доллар еді. Содан кейін 30-ға түсіп кетті. Енді 50-60 болғанына қуанып отырмыз. Ал ертең не боларын біз білмейміз. Сондықтан басқаша әрекет етіп, соңғы алты жылда 1200 жаңа өндіріс орнын салдық. Бұл мамандардың білімін арттырып, басқаша айлық төлеуге ықпал етеді", - деп қорытындылады елбасы.
Айта кетейік, бүгін Назарбаев университетінің қабырғасында "100 жаңа кітап" жобасы бойынша шет тілдерінен аударылған 18 кітаптың таныстырылымы өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726286-nazarbaev-kdajga-skir-bizde-mnaj-men-gaz-altyn-bri-bar/