Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада элиталық мектеп оқушылары шұғыл түрде эвакуцияланды

Опубликовано:

Астанада элиталы мектеп оқушыларын эвакуациялаған. Төтенше жағдай не себепті орын алғанын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары түсіндіріп берген деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Мектеп директорының орынбасарының айтуынша, өрт шықпағанымен, мектептегі сигнал беру жүйесі іске қосылған.

«Бұл ешқандай да өрт емес. Сигнал дыбысы шыққан соң, біз бәрін эвакуацияладық. Қауіпсіздік мақсатында балаларды үйлеріне қайтарып жатырмыз. Ал, үйлерінде ата-аналары жоқ немесе олардың жақындарына хабарласа алмаған жеткіншетер осында қала бермек, оларға түскі және кешкі ас дайындап қойдық»,-деп түсіндірген директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қуат Қожахметов.

Кейін белгілі болғандай сигнал беру жүйесі асханадағы пеш үстінде күйіп кеткен тамақ салдарынан қосылған.

«Аспаздар пеште тамақ пісіріп, уақытында өшіруге ұмытып кеткен. Түтін иісі шығып, балаларда сыртқа шығаруға тура келді»,-дейді мектеп басшылығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726329-astanada-elitalyk-mektep-okusylary-sgyl-trde-evakucialandy/

pixel