Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ер адам таудан тауып алған бөлтірікті бауырына басқан (фото)

Опубликовано:

ШҚО тұрғыны таудан тауып алған қасқырдың күшігін бауырына басып, оны үйінде асырап отыр. Ғаламторға қасқыр сатамын деп хабарландыру таратқан ол он айлық құртқаны жүз мың теңгеге бағалаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот 31 арна
Скриншот 31 арна: UGC

Тұрғынның айтуынша, ол қасқырдың бөлтірігін таудан тауып алған. Қазір он айлық болып, өсіп қалған түз тағысын өзі тамақтандырып, тіпті еркелетеді екен. Кішкентайынан бағып, бір-біріне бауыр да басып қалған.

Темір шынжырмен арқандалған аңның қасына иесінен өзге тіпті иттер де келмейтін көрінеді. Тек саудаға түскен соң облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері қасқырды саудалаған азаматқа бұл әрекеттің заңсыз екенін айтқан.

"Заңсыз ұстағаны үшін 10 МРП-ға дейін штраф салынады оған. Бұл статьяны бірақ енді сот қарайды. Қасқыр ұстап отырған адамнан біз хаттама алып алдық. Ол енді соттың шешімі шыққанша қасқырды ешқайда жібермеуі керек. Сол үйінде ұстау керек деген", - дейді ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Батырхан Сүлейменов.

Табиғатты қорғаушылар сот үкімі шыққан соң қасқырды хайуанаттар бағына апарып тапсыруды көздеп отыр. Әйтпесе түз тағысынан келетін қауіп көп дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1726435-sko-da-er-adam-taudan-tauyp-algan-bltirikti-bauyryna-baskan-foto/